Өскемендегі университет студенттері Германия дипломын қоса алып шығады
Өскемендегі металлургия мамандығын меңгеріп жатқан студенттер Қазақстанмен қоса Германия елінің дипломын да алып шығатын болды.
Жергілікті техникалық университет ұжымы Бранденбургтегі әріптестерімен бірлесіп осындай мәмілеге келмек. Сондай-ақ ғылым қуған жастардың Германияда магистратураны жалғастыруына мүмкіндік туады. Ал неміс ғалымдары болса жергілікті техникалық мамандардың металл тан-талды игеру тәсіліне тәнті болды. Әсіресе имплант шығару әдісіне қызығушылығы зор. Сондықтан екі тарап та болашақта өзара тиімді әріптестікті дамыта түсуге ниетті.
Сәуле Рахметуллина ШҚО техникалық университетінің ректоры:
- Шетелдік қонақтарды біздегі металлургиялық бағыт қызықтырып отыр. Енді мінеки Бранденбург университетімен бірге екі диплом алып шығуға мүмкіндік беретін екі бағдарлама ұйымдастырып жатырмыз. Жақында осыған сәйкес меморандумға қол қоямыз.