Елордада ғылым қызметкерлерінің күні аталып өтті
Елордада ғылым қызметкерлерінің күні аталып өтті. Салтанатты шараға білікті ғалымдар мен жас мамандар қатысып, саланы дамыту мәселесін талқылады.
Одан бөлек, жиынға келген 50-ге жуық университет пен орталық арнайы көрме ұйымдастырды. Ол жерге сәтті аяқталған ғылыми жетістіктер, өнертабыстар қойылды. Шара барысында бірқатар ғалым марапатталып, медаль тақты. Жалпы, елде ғылымның бүгінгі жағдайы мүшкіл. Сондықтан саланы дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтсақ, жауаптылар алдына зертханалар жаңартылып, ғалым мәртебесін көтеру міндеті тұр.
Думан Орынбеков, ҚР ҒЖБМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазіргі таңда елімізде 22 мыңнан астам ғалым еңбек етеді. Бұл өте аз көрсеткіш. 91 жылмен салыстырғанда екі есеге дейін аз көрсеткіш. Сол үшін осы бірінші мақсат - жас ғалымдарды тарту. Тағы бір үлкен мәселе осы ғылым саласындағы әкімшелендіруді жетілдіру.