Ғалымдар Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігіне алаңдаушылық білдіруде
Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы кезінде ғалымдар Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
Олардың пікірінше әсіресе жер қойнауын өндіретін шетелдік инвесторларға қатаң талап қойылуы тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін қаржының бір бөлігі ғылымға жұмсалуы қажет. Сондай-ақ, ғалымдар өндірісті әртараптандырып, оның құрылымын өзгертуді ұсынды.
Кеңес отырысында ғылым саласындағы бірқатар өткір тұрған мәселелер айтылды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған академик Асқар Жұмаділдаев Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігі мәселесін көтерді. Ғалым бұл түйткілді жер қойнауын пайдаланып отырған шетелдік инвесторлардан түсетін қаржы арқылы шешуді ұсынды.
Асқар Жұмаділдаев, Қазақстан ҰҒА академигі:
- Менің ойымша оларға 3 шарт қою керек. Бірінші салық. Экология. Және үшінші ең бастысы біздің жергілікті мамандарды, жергілікті ғалымдарды өндіріске пайдалану мәселесі. Ол үшін қандай механизмдер бар. Бірінші Ұлттық ғылым академиясының уставына қазақ тілін ғылым тілін мақсатында жұмыс істейді деген сөзді қосып қою керек. Екінші ерекше зерттеу аймағы ерекше назар грант жүйесін енгізу керек. Отандық ғылымның даумына жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін қаржының бір пайызын ғылымға жұмсау жөніндегі жұмыс жалғасын табу керек. Бұл бөлінген қаражат технология тәуелсіздігін қуаттайтын жұмыстарға, ғылым мен қоғам байланысты нығайтатын жұмыстарға, ғылыми институттарға жаңа ғимарат салуға және заманауи лаборатория соғуға, сонымен қатар университет оқулықтарын қазақ тілінде шығаруға жұмсалу керек. Осы жұмыстарды істейтін болсақ біздің жалпы өнімнің кем дегенде жарты пайызына дейін жетуімізге болады.
Ғылымға заңмен жеңілдіктер жасалуы керек. Салықтан бастап, ғылымның кадрлдық әлеуетін арттыру мәселесі мықтап қолға алынған жағдайда ғана серпіліс болады. Ол үшін өндірісті әртараптандырып, құрылымын өзгерту ұсынылды. Бұл бағытта ғалымдар қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, түркі халықтарының басын қосып, Одақ құру бастамасы да көтерілді.
Оразалы Сәбден, ҚР Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі:
- Бізге ғылымға ең керегі ғылымға заңмен барлық жеңілдіктер жасау керек. Преференция, льгот, налог. Сонда ғылым серпіліс алады. Инновациялық мекеме құрсақ ертең салық береді бізге. Ондай салықтан босату керек ғылым мәселесінің бәрін. Біз 220 миллион түркі халықтарының басын қосу керек. Сөйтіп Евросовет сияқты Түркітегі деген Одақ құру керек. Бұл өте қажет. Себебі келешек осыған алып келе жатыр. Тілімізде, жаңа айтып отырған тарихымыз да бәрі сының айналасында болады. Мына Жібек жолында сауда-экономикалық орталықтар болады. Міне осы Түркі тегі арқылы біз дами аламыз. Келесі біздің импульс осы.
Саладағы басты мәселелердің бірі ғылыми инфрақұрлымды жаңғырту. Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарияның пікірінше, ғимараттар мен зертханаларды заманауи талапқа сай етіп салып, жөндеу қажет. Сондай-ақ, елде өзінің зерттеулеріне геномдық технологияларды пайдаланатын зерттеу институттарының арасында интеграция мен кооперация байланысы орнатылмаған. Бұл жағдай қолдағы бар кадрлық және метариалдық техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға кедергі болып тұр.
Күнсұлу Закария, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Өкінішке орай елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту, геномдық технологиялардың дамуы мен үлесі төмен. Ол өз кезегінде ұлттық және биологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Геномдық технологияларды жедел дамыту және елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту мақсатында бізге ұзақ мерзімді ғылыми техникалық бағдарлама әзірлеу қажет. Аталған бағдарлама Қазақстандағы барлық геномдық зертханаларды бірегей ғылыми технологиялық кластерге біріктіруге мүмкіндік береді.
Әлемде электр энергияның 78 пайызы қазба отындарын жағу арқылы өндіріліп отыр. Ғалымдардың ауйтынша бұл жағдай алдағы он жылдықтарда күрт өзгереді. Өйткені Торий элементіне негізделген ядролық энергетика қазба отындарын ығыстырады. Сондықтан бұған қазірден бастап кірісіп, зертеген жөн.
Зейнетулла Енсепов, Пурду университетінің профессоры:
- Қытай алғашқы Тори реакторын сынақтан өткізуге дайын екенін жариялап отыр. Табиғатта Тори Ураннан 3-4 есе көп. Қытай, Үндістан мен Канада Тори атом реакторын пайдалану арқылы энергиямен мыңдаған жылға қамтамасыз ете алады. Ал Үндістан толық Ториға өтуді көздеп отыр. Қазақстан да бұл элементке өте бай. Сондықтан мұны мықтап зерттеп бір шешімге келген жөн.
Президент ғалымдардың пікірі мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Айтылған ұтымды пікірлерді жіті зерттеп бір шешімге келуді тапсырды.