Астанада 17 сәуір күні бірінші ауысым сабақты онлайн оқиды
Таңертең, яғни 17 сәуір күні Астанада бірінші ауысымдағы барлық оқушылар қашықтан оқиды.
Күннің бұзылуына байланысты қалалық білім басқармасы осындай шешім қабылдады. Бүгін күн ашылып, республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашылған еді. Бірақ кешке қарай бірқатар өңірде қайта ескерту жарияланып, кей жол бөліктері жабылды. Ақмола облысы және Астананың өз басында бұрқасын соғып тұр.