Елде жоғары оқу орындарында ғылымға басымдық беріледі
Елде жоғары оқу орындарында ғылымға басымдық беріледі.
Сегіз технологиялық зерттеу университетінде технопарк пен инженер орталықтары ашылады. Бұл ғылымның жаңа моделінде көзделген. Мұны арнамыздағы «Сұхбат» бағдарламасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Жаңа модельдің тағы бір ерекшелігі – бизнес қауымдастық өндіріс пен өнеркәсіпке тартылады. Сол үшін кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасалады. Жаңа модельді жүзеге асыру үшін биыл бірнеше заң қабылданбақ. Ал осы жылдан бастап ғылымға бұрын-соңды болмаған қаржы бөлінеді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Ғылымда ішкі ресурс та жоқ. Тиянақты қаржыландыру да жоқ. Ол 30 жылдың ішінде ақырындап өліп бара жатқан. Сондықтан Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет осы сұрақты бірден қолына алды. Былтыр екі есе өсті қаржыландыру. Ал осы жылдан бастап 3,5 есе қаржыландыру өсті. 2023-24-25 жылдарға 650 млрд теңге көзделген.