«Абай» баспасы Астанада 24 кітаптың тұсауын кесті

«Абай» баспасы Астанада 24 кітаптың тұсауын кесті

Астанада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында «Абай» баспасынан жарық көрген 24 кітаптың тұсауы кесілді.

Жыл басынан бері жарық көрген бұл кітаптар қатарында хәкім Абайдан бастап әр кезеңнің классик қаламгерлерінің шығармалары бар. Сондай-ақ іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де таныстырылды. Айта кетерлігі, 15 көркем әдебиет әлемдік сұраныстағы кітап деңгейінде жасақтап шығарылды. Заманауи үлгіде, минимализм дизайнда көркемделді. "Абай" баспасының директоры Ақберен Елгезек оқырманның көзқарасы мен жаңашылдығын ескеріп, кітаптардың формасы мен түстер галереясы жаңа қырынан ұсынылғанын атап өтті. Тартымды дизайн мен ыңғайлы форматтағы туындылар кітапсүйер қауымды қуантады деп сенеміз”,- деді баспа басшысы. Баспадан жарық көрген кітаптардың тұсаукесерінде елге белгілі ақындар, жазушылар мен өзге де зиялы қауым өкілдері болды.