Балаларға базарлық: «400 тәтті тақпақ» жинағы жарық көрді

Елімізде өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында «400 тәтті тақпақ» атты балаларға арналған жаңа туынды жарық көрді. 

Көлемі 128 беттен тұратын бұл кітапта сан алуан түрлі тақырыптар қамтылды. Кітап бүлдіршіндердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, еңбекқорлыққа да баулиды. Автор қазақтың тыйым сөздерін қолданып, өлең жолдарына қосып жазған. Ішкі дизайндағы суреттер балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түседі. “Бұл жинақ ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне және бастауыш  сынып мұғалімдеріне арналған таптырмас көмекші құрал”, - дейді туынды авторы.

Баянғали Әлімжанов, кітап авторы:

- 400 тәтті тақпақ кітабының ерекшелігі бұл тықырыптық жинақ. Мында балаларға кажетті барлық тақырыптар қамтылған деуге болады. Отбасы, Отан, мектеп, т.б. Бұл балалар үшін рухани азық. Бастауыштан бастап 5-сыныпқа дейін оқи алады. Бұл ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш мектеп мұғалімдеріне таптырмайтын көмекші құрал. Ана тілімізді балалардың санасына сіңіріп, қазақ сөзінің әуенің сезіп өсуіне өте пайдалы кітап.