Астанадағы студенттер слетіне Нұрлан имам барды

Бүгін елдің барлық өңірінен келген мыңға жуық студент Еуразия ұлттық университетінде бас қосты.

Студенттер слетіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан студенттер альянсы ұйытқы болды. Іс-шара шеңберінде жастар министрліктер өкілдері мен депутаттармен кездесіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ спорттық жарыстарға қатысып, олимпиадаларда білім байқасады.

Аружан Қуандыққызы, Қазақстан студенттер альянсының атқарушы директоры:

- Жылда біз көтеретін мәселелер бар. Он сегіз жыл бойы тек жоғары оқу орындарымен жұмыс жасағанбыз. Енді осы жылы жаңағы Оқу-ағарту министрлігімен жұмыс жасап, колледж студенттерінің альянсын құру және де бұл жан-жақтағы колледж студенттерінің инициативасы болған болатын. Осындай араларында жоғары оқу орындары сияқты байланыс орнату үшін.