Тараздағы «Білім-Инновация» лицейіне 30 жыл толды
Тараздағы «Білім-Инновация» лицейіне биыл 30 жыл.
Осы уақыт аралығында білім ордасының оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық, дүниежүзілік білім олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында барлығы 1748 медаль иеленді. Ал республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 12 мәрте Білім министрлігінің «үздік олимпиада мектебі» атағына ие болған. 30 жыл ішінде ағарту ошағын 1444 оқушы бітірген. Бүгінде олардың арасында Google, Booking, Siemens сынды әлемге танылған компанияларда жұмыс істеп жатқан түлектер бар. Айта кетерлігі 2019 жылы сол түлектерден құралған бірлестік жұмысын бастады. Бүгінде олар білім алған қара шаңырғына қолдау көрсетіп келеді.
Санжар Салыбеков, "Білім-Инновация" лицейі түлектері бірлестігінің атқарушы директоры:
- 4 жыл ішінде жалпы 50 миллионға жуық қолдаулар білдірілді. Демеушілік жасалынды. Атап айтатын болсақ, микроавтобус сонымен қатар жуынуға арналған жаңадан ғимарат салынды. Одан кейін спорттық үлкен футбол алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды. Техникалық база жаңартылды. Оның ішінде парталар актив панельдер жаңартылды. Дұрыс мамандықты таңдау мақсатында профорентациялық жұмыстар жасалынды.