Эндоскопист мамандығы еліміздің білім жүйесінен алынып тасталған

Елордада алғаш рет орта азиялық эндоскопиялық форум өтіп жатыр.

Жиында қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін құрылғыларды сатып алу мәселесі талқылануда. Мамандардың айтуынша, қазір сала қарқынды дамып келеді. Бірақ олқылықтар да көп. Соның бірі мамандардың жетіспеушілігі. Елдің білім беру жүйесінде 2007 жылдан бері эндоскопиялық мамандық жоқ. Осыған байланысты қатысушылар дәрігерлерге арналған сертификаттау курстарын енгізуді ұсынды. Мұнан бөлек эндоскопиялық аппаратты сатып алу процесі де тым ұзақ.  Сарапшылар бұл мәселені де жан-жақты тақылап жатыр. Форум екі күнге созылады. Жиынның соңғы күні дәрігерлер түркиялық әріптестерімен бірге 9 ашық операция жүргізеді.

Әділбек Мұқажанов, ұлттық ғылыми онкологиялық орталық басқарма төрағасының орынбасары:

- Форумның бір мақсаты осы кемшіліктерді, олқылықтарды айту, бөлісу. Қалған мемлекеттерді қандай жетістік бар? Сол тәжірибе алмасып, әрі қарай қалай даму керек, екі-үш жылға міндеттерді атқару.