Қызылордада жасанды интеллект мектебі ашылады
Қызылорда қаласында Кореяның жасанды интелект мектебі ашылады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы жаңа оқу орны биыл күзде алғашқы студенттерін қабылдайды. Мектеп Сеул ғылым және технология университетінің филиалы болады. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация университет ұжымымен кездесті. Басқосуға ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат онлайн арқылы қатысты. Ол Сеул ғылым және технология университеті филиалының жұмысына Қазақстан үкіметі қолдау көрсететінін айтты. Айтуынша, былтыр елде 4 шетелдік университеттің филиалы ашылған. Ал Қызылордадағы жасанды интеллект мектебі киберқауіпсіздік, информатика және жасанды интеллект мамандарын дайындайтын болады.
Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облыстық маслихатының төрағасы:
- Келесі кезекте осы Қызылорда облысының даму бағдарламасының бюджетіне Сеултех-ке кампус және технопарк салу негізі жоспарланатын болады. студенттерге грант бөлу мәселесі. Ол гранттың 50 пайызын жергілікті атқару билік мойына алуды ойластырып отыр. 50 пайызын біздің жоғары білім және ғылым министрлігі. Алдын ала келісім бар.