Отандық жас ғалымдар Алматыда бас қосты
Екі жүзге жуық маманның ішінде Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Польша мен Данияда жүрген жерлестеріміз бар.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, төл ғылым ширек ғасырда тұралап қалған. Ғылыммен айналысушылардың саны азайып, кейбірінің тың идеялары қолдау таппай келеді. Мұның бәрі айналып келіп қаржыға тірелетіні белгілі. Осындай жайттар бүгінгі жиында сөз болды. Ғылыми жаңалық пен инвесторларды бір арнаға тоғыстыру мәселесі де айтылды.
Руслан Нұрлыбаев, ҚР Президенті жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" департамент директоры:
- Ғалымдардың нәтижелі жұмыстарын өндіріспен байланыстыруда өндірістерге барамыз. Солардың негізгі проблемалық мәселелерін анықтаймыз. Ғалымдардың еңбектерін соларға өндіріске енгізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргіземіз. Кәсіпкерлерді арнайы белгілі бір салық түрлерінен босату туралы жаңа салық кодексі дайындалып жатыр.