Ұлттық ғылым академиясына 77 жыл толды

1 маусым – Ұлттық ғылым академиясы күні.

Ғылым ордасы 1946 жылы 1 маусымда құрылған еді. Биыл 77 жыл. Қазақ Ғылым Академиясының негізін ғалым Қаныш Сәтпаев қалап, алғашқы академигі және тұңғыш президенті болды. Содан бері бұл орталық елдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі болып, отандық ғылымның дамуына үлес қосып келеді. Оған қоса, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағынан да өрлеуіне сеп болды.  Оның құрамында 228 академик және корреспондент-мүшесі тіркелген. Сонымен қатар 20-ға жуық шетелдік және 100-ден аса құрметті мүшесі және бірнеше ұжымдық мүшелері мен профессорлары бар.

Осыдан 2 ай бұрын Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді. Енді ол Президенттің тікелей назарында болады. Қазір әр сала бойынша ғалымдардан жұмыс топтары құрылып, негізгі мәселелер талқыланып жатыр.

Руслан Нұрлыбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының департамент директоры:

- Жас ғалымдар өз ұсыныстарын айтты. Ғылымдағы ғалымның статусын көтеру туралы. Гранттық қаржыландырулар бар қазір мемлекеттен бөлінетін. Гранттық қаржыландырулардың өзгертілуін, мемлекеттік бағдарламалардағы шетелдік тағылымдамадан өтетін гранттардың түрлері, солардың талаптарын жеңілдету мақсатында және де жалпыға бірдей жарияланатын гранттар болуын өз ұсыныстарын жасады.