Қазақстанның ядролық физика институты CERN орталығымен меморандумға қол қойды
Қазақстанның ядролық физика институты әлемге әйгілі CERN ғылыми орталығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Бұл келісім ғалымдарымыздың әлемдік ғылыми жобаларға қатысуына жол ашады.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің айтуынша, Қазақстанда CERN эксперименттеріне қосылу бойынша бірнеше әрекет жасалған. Алайда түрлі себептермен ол мүмкін болмапты.
Саябек Сахиев, ҚР Ядролық физика институтының бас директоры:
- "NA62" үлкен «mega science» жобасына Қазақстан, яғни Ядролық физика институты Қазақстан атынан келіп, қосылып отыр. Бұл алғашқы қадам ғана. Өйткені бұдан басқа тағыда ХАЙК деген жобасы 2028 жылы басталады. Оған біз ұсыныс білдірдік. 120 ұйымының ішінде біз 34-ші болып тұрмыз. Одан басқа осы CERN де үш жобамыз бар. аталған жобаларға біздің жас ғалымдар қатысқалы отыр.
Ядролық физика институтының аталған ғылыми экспериментке қатысуы отандық ғылым үшін үлкен олжа. Біздің ғалымдар миллиардтаған АҚШ долларына бағаланатын СТРОУ секілді үлкен жұмыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
Саябек Сахиев, ҚР Ядролық физика институтының бас директоры:
Екінші үлкен мәселе Ядролық физика институтыңда СТРОУ технология пайдаланып, СТРОУ-детекторларды шығарамыз деген ойымыз бар. Соған алдын ала тапсырыс беруге осы жаққа мүмкіндіктерімізді көрсетуге келдік.
Яғни, қазірдің өзінде біз 15-16 маман дайындап отырмыз. Жыылдан бастап осыған дайындықты бастаған болатын біз. Минекі, он шақты жылдың ішінде осындай нәтижеге жетіп, қазір расында мен өзім, шыңы керек, осыған әбден риза болып тұрмын.
Хоаким Мних, Еуропалық ядролық зерттеулер орталығының бөлім директоры:
- Біздің ғылыми эксперименттерімізге Қазақстан және оның Ядролық физика институты қосылды. NА62 эксперименті хаос ғылымы деп аталатын салада сирек кездесетін физикалық зерттеулермен айналысады. Болашақта біз бірлескен жобаларымызды тереңдете аламыз деп үміттенемін. Біз бірлескен жұмысымызды жалғастырамыз және ынтымақтастық аясын кеңейтеміз.
Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы сала мамандарының тәжірибе алмасуына таптырмас алаң. Мұны бізден барған ғалымдар жақсы түсінеді. Еңбектерін көрсетіп қорғауға талпынады.
Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов