Білім грантына өтініш қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады

Елімізде білім гранттарына өтініш қабылдау басталды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, байқау 20 шілдеге дейін жалғасады. Үміткерлер өз құжаттарын кез келген ЖОО-ндағы қабылдау комиссиясына өткізуі тиіс. Алыс аймақтағылар офлайн қызметті пайдалана алады. Еске салайын грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білім туралы аттестат, 3х4 көлеміндегі фото және жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсыну керек.