Алматы облысында сегіз лагерь рұқсатсыз жұмыс істеген
Алматы облысындағы 22 балалар лагерінің сегізі өз қызметін құзырлы органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырған.
Демалыс орындары санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай емес. Ескі жатын орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Төрт адамға арналған бөлмелерде сегіз немесе одан көп бала жатқан. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Прокуратура өкілдері балалар лагерьлеріндегі заң бұзушылықтарға байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.