Қостанай облысында ауыл мектептеріндегі өрт қауіпсіздігіне 600 млн теңге қарастырылды
Қостанай облысында ауыл мектептеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 600 миллион теңге қарастырылған.
Қаражат қолданыстағы қазандықтарды оқу орындарынан тыс жерге көшіруге жұмсалады. Жаз мезгілінде аталған жұмыстар, 22 білім беру ұйымында жүргізілді. Жаңа жылу көздері, мектептерге қауіп төндірмейтіндей қашықтықта орналасады. Соңғы 7 жылда модульдік қазандықтар барлық ауылға қойылған. Бүгінгі күні оқу ғимараттарына жап-сарлас салынған 13 жылыту нысаны қалды.
Анна Лазарева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
- Қалған 13 нысанда қазандықтарды шығару жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Олар бойынша қаржылық-экономикалық негіздемелер әзірленді. Ескі қазандықтарды заманауи жабдықтары бар блок-модульдік қазандықтар алмастырады. Қазір қабылдау процесі жүріп жатыр және қазандықтар бірінші кезекте тексерілетін болады.