Алматыда бес жатақхана қолданысқа беріледі

Алматыда жатақхана мәселесі кеңінен талқыланып жатыр.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көбі осында орналасқан. Ал студенттердің барлығына бірдей орын жетпейді. Биыл қалада 22 мың орын тапшы.

"Енді мемлекет басшысының тапсырмасымен, жаңадан ашылатын университеттерді аймақтарда сала бастайды", - деді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Халық қалаулысы дағдарыс орталығында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Ал хостелде тұратын студенттердің қауіпсіздігі басты назарда болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, оның бағасын тұрақтандыру мәселесін көтеріп, дегенмен мұның кәсіпкерлікке зиян келтірмеу керектігін айтты. Еске сала кетейік, Алматыда қыркүйекке дейін жаңасы бар, қайта жаңғыртылғаны бар 5 жатақхана қолданысқа беріледі. Оған қосымша жыл соңына дейін дәл осындай 14 нысанның құрылысы аяқталады.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Оқу басталғанда жыл сайын осы мәселе алдымыздан шығады. Жоғары оқу орындарында жатақхана жетіспейді. Әрине, қазір министрлік барынша жұмыс істеп жатыр. Мәселен, дағдарыс орталығы мен ахуал орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.  Мұнда студент келіп, қайда орналасу туралы ақпарат алуында болады. Оған қоса әрбір университетте студенттік амбассадор бар. Олар да қолұшын беруге әзір. Біз де өз тарапмымыздан көмектесуге, мәселені үкіметке жеткізуге дайынбыз.