Ғалымдар халықаралық су-энергетикалық консорциум құруды ұсынып отыр
Қазақстандық ғалымдар тездетіп халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру керек, деп есептейді.
Өкінішке орай, бірнеше жылдан бері бұл мәселе шешімін таппай келеді. Елде өтіп жатқан Тәжікстанның мәдениет күндері аясында екі елдің ғылыми қауымдастығы аталған жайтты бірге талқылады. Басқосуда қос елдің ғалымдары азық-түлік, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экология тақырыбына қатысты ой бөлісті. Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық талаптарын әзірлеу қажеттігі де айтылды. Оған қоса, биологиялық қауіпсіздік мәселесі екі тарапты бірдей толғандырады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР ҰҒА президентінің орынбасары:
- Ұтатын жерлеріміз бар көп. Әрбір мем ұтатын соны түсіндіріп айтуымыз керек. Үкіметтің мүшелеріне келісіп жатқан мамандарға ол не үшін керек? Ол үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек? Су энергетикалық консорциумының негіздемесін жасасақ менің өз ойым келісім сөздерге бардық. Соны тезірек жылжыту үшін дәлдел керек, аргументтер керек.Сол аргументтер ғылым ретінде ғылыми негіздеме ретінде болады деген ойдамыз.