IT қызмет экспорты 1 млрд долларға жетуі керек
IT қызмет экспорты 2026 жылы 1 млрд долларға жетуі керек.
Бұл үшін елде шетелдік ірі IT компаниялармен етене жұмыс істейтін кәсіпорындар ашылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Былтыр елдегі Айти экспорт үлесі 5 есе өскен. Жыл соңына дейін көрсеткішті 500 млн долларға жеткізу көзделеді.