Робототехника. Сингапурға жолдама сарапқа салынып жатыр
Елордада халықаралық робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңі өтіп жатыр.
Оған 200-ден астам қазақстандық және Моңғолия мен Өзбекстаннан келген оқушы қатысты.
Заманауи техниканың тілін меңгерген жеткіншектер үш күн қатарынан өзара бақ сынайды. Жүзден жүйрік шыққан топ Сингапурда өтетін дүниежүзілік робототехника олимпиадасына жолдама алады.
Жаңаөзендік оқушы Батыржан Орынбай үшін робот жасау аса қиын емес. Айтуынша, бұған дейін талай жарысқа қатысып, жүлделі болған. Ал бұл жолы достарымен ерекше құрылғы жасапты. Болашақта өндіріске пайдалы роботтар шығарсам дейді.
Батыржан Орынбай, сайысқа қатысушы:
- Біз осы роботты құрау арқылы креативті ойлау қабілетімізді дамытамыз. Өзгелермен араласу, көмектесу арқылы адами қасиеттерімізді шыңдаймыз. Қазақстанның инжерения саласына үлес қосамыз деген ойдамыз. Болашақта мықты инженер, мықты программистер шығару үшін креативті роботтарды құрастырамыз.
Робот жасаушы балалардың бәрі жеңіске ұмтылып тұр. Дәстүрлі сайысқа бұл жолы 40-қа жуық команда қатысып жатыр. Жүзден жүйрік шыққан топ қазан айында Сингапурда өтетін әлемдік жарыста ел намысын қорғайды.
Асылбек Мырзахметов, ұйымдастырушы:
- Осы лигада 14-18 жас аралығында. Бірақ біз 4 жастан бастап жарыстыра береміз. Мептепке дейінгі оқушыларға, бастауыштарға басқа, орта және жоғары сыныптарға бөлек лигалар бар. Олардың сезоны осы айда басталды. Бүкіл сезонның жаңа тақырыбын 9 қыркүйекте презентация жасап жібереміз. Мына жерде командалар іріктеліп, жеңімпаз Сингапурға барады. Басқа команда келесі айларда болатын үлкен жарыстарға қатысады.
Жас инженерлер бүгінгі сайысқа сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасап әкелген. Олар Имитациялық ойын алаңында өз роботтарын сынақтан өткізді.
Оқушылар бұл роботты небәрі бір ай ішінде жасап шығарған. Бұл құрылғы арқылы түрлі қоқысты сұрыптауға болады, дейді.
Қазақстандық робот жасаушы оқушылар креативті әрі олардың мүмкіндігі мол. Ұйымдастырушалыр осылай дейді. Өйткені былтыр Женевада өткен әлемдік жарыста біздің балалар тарихи жеңіске жетіп, чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алған.
Айнұр Қуатқызы Мұрат Әріпханов «Хабар-24»