Қазақстан − Еуроодақ: ғылым мен инновацияны дамыту
Қазақстандағы Ғылым қоры қызметкерлері Брюссельге барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл алғашқы сапардың мақсаты – ғылым және инновация саласында Еуроодақпен байланысты дамыту. Тараптар ғылым мен бизнестің интеграциясын дамыту бойынша тәжірибе алмасты. Келіссөздер барысында Ғылым қорын Еуроодақтағы инновациялық жобаларға қосу тетіктері, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.
Нұрлан Әбіш, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Жалпы Ғылым қоры және ғылымды коммерцияландыру жүйесіне өте күрделі маңызды шара. Екіншіден, осы ғылым және технологиялық саясат заң жобасы әзірленіп жатыр. Соған Ғылым қоры бірнеше ұсыныс бергенбіз. Мен ойлаймын, осы халықаралық тәжірибені қолданып, тағы бірнеше ұсыныс береміз деп үміттенемін.
Кремена Милева, Еурокомиссияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері:
- Horizon Europe бағдарламасы аясында біз үшінші елдердің зерттеушілеріне көп мүмкіндік береміз, кооперацияға ашықпыз. Біз Қазақстанмен зерттеу және инновация саласында байланысты одан әрі дамытқымыз келеді. Қазақстандық қатысушылардың көпшілігіне, мысалы, Marie Curie Action жобасы бойынша жеке гранттар беріледі. Сондай-ақ зертханалық ғылыми жобаларда бар.