«Болашақ» бағдарламасы. 30 жылда 12 мың түлек
Биыл «Болашақ» бағдарламасының құрылғанына 30 жыл.
Осы жылдары 12 мың өрен шетелдің үздік университеттерінде білім алып, бүгінде әр салада еңбек етуде.
Халықаралық стипендияның 30 жылдығына орай 50 мемлекеттен келген ғалымдар мен сарапшылар Астанада бас қосып, «Болашақ» бағдарламасының трансформациялау барысын талқылады.
Бүгінде стипендияны тағайындауда ауыл жастары, медицина мен білім беру саласының мамандарына және инженерлік-техникалық қызметкерлерге жеңілдік беру қарастырылған. Сондай-ақ, отандық ғалымдар үшін шетелде ғылыми тағылымдамадан өту енгізілді.
Биылдың өзінде шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқуға 555 білім гранты берілген.
Әлия Оспанова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы:
- Біз қазір көбінесе медициналық және техникалық мамандарды дайындауға, сонымен қатар, ғылым жүйесін арттыруға 500 ғалым тағылымдамасын іске асырдық. Осы 500 ғалым тағылымдамасының Орталық Азияда ешқандай баламасы жоқ. Бүгінгі таңда ғылымның дәрежесін көтеру үшін осындай бағдарламаны таптық.