Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылады
Еліміздегі мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылады.
Ол біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес жұмыс істейді. Бұл жайлы Ұлттық кітапханада өткен жиында белгілі болды. Негізгі мақсат балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жанұя мен мектеп арасын байланыстыру. Біртұтас тәрбие бағдарламасы бес миллионға жуық баланы қамтиды деп күтіледі.
Меруерт Медетбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан қазіргі таңда қосымша білім және тәрбие департаменті арнайы ашылды. Бұл біртұтас тәрбие бағдарламасын жоспарлау кезінде бағдарламаны жасақтау кезінде біз түрлі зерттеулер жүргіздік. Қандай да бір ол қоғамдағы осы тәрбие мәселесін қалай күшейтуге болады. Қалай оңтайландыруға болады деген сияқты нақты жауаптарға міне осындай бір өзгеше тәрбие бағдарламасын қабылдау қажеттігі туындады.