Жамбыл облысындағы Аспара ауылында жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Жамбыл облысындағы Аспара ауылында жаңа жылда жаңа мектеп қолданысқа беріледі.

Қазір 265 бала жатақхана ретінде салынған ғимаратта оқып жатыр. Оның дәлізі тар, оқу кабинеттері жетіспейді. Әрі акт залы жоқ. Спорт залы, жөндеуді қажет етеді. Мәселені шешу үшін облыс билігі жазда, жаңа мектеп салуға 730 миллион теңге бөлді. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүрсе, білім ошағы желтоқсан айында ашылады. Оған қоса Меркі ауданында келер жылы үш ауысымды мектептер жойылады. Жалпы биыл Жамбыл облысында 25 білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. 

Нұрсұлтан Нарикбаев, Меркі ауданы әкімінің орынбасары:

- Бізде келесі жылы екі мектепті жоспарда бар. Бұл даму жоспарына сәйкес күрделі жөндеу. 3 ауысымдық мектептер болмайды. Апатты мектептер жоқ ауданда. Сондықтан да келесі жылға екі мектепті күрделі жөндеуден өткізсек, қалғаны түбегейлі шешілуге дайын.