Жезқазғанда 1,5 млрд теңгеге жатақхана салынып жатыр
Жезқазғанда жемқорлардан өндірілген 1,5 млрд теңгеге жатақхана салынып жатыр.
200 орынға шақталған ғимарат Абай атындағы мектеп-интернаттың оқушыларына арналған. Үш қабатты нысанның қабырғасы қаланды. Құрылысшылар қар түскенше төбесін жауып, одан әрі ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз деп отыр. Жоспар бойынша жатақхана құрылысы келесі жылдың аяғында аяқталуы тиіс. Ал, аудан-ауылдардан келген 100-ге жуық оқушы әзірге мектеп жанынан жасақталған интернатта тұрып жатыр.
Аслан Шубаев облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Жан-жағында ол құрылыстың әрине абаттандыру да қарастырылған. Қыс мезгілінен өткеннен кейін абаттандыру жұмыстары қарқынды қолға алынады. Кітапхана, балаларға арналған жеке демалыс орындары, тренажорлық орындар,үй жұмысына дайындалатын оқу орындары қазіргі нормативке байланысты қарастырылған. Негізі құрылысты аяқтау мерзімі шарт бойынша 24 жылдың желтоқсан айы болғанымен, қыркүйек айында бітіру көзделу үстінде.