Қызылорда облысында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан аға буын өкілдерімен кездесу өтті
Қызылорда облысында оқушылар мен студенттер Желтоқсан көтерілісіне қатысқан аға буын өкілдерімен кездесті.
Тағылымды шарада ел тарихындағы елеулі оқиға туралы естеліктер айтылды. Қармақшы ауданының тумасы Ерлан Бисембаев 1986 жылы екінші курста оқып жүрген. Жастармен бірге алаңға шыққаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Екі жыл тұрмеде отырып, кейін амнистияға ілігеді. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін толық ақталып шықты. Мұндай шаралар жастардың патриоттық рухын оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді, дейді жиналғандар. Қазір облыстағы барлық білім беру ұйымында кездесулер ұйымдастырылып жатыр.
Ерлан Бисембаев, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:
- Жастарымыз тәрбиеленіп келе жатыр. Жастардың бүгінгі таңға қазақи рухы, салт-дәстүріміздің қайта оралуы жастарымызға жақсы әсер етті. Және осы елдігімізді қазіргі уақытта жастарымыз бағалайды деп ойлаймын.