Білім беру саласындағы былықтар әшкере болды
Қызылорда облысының кейбір мектептеріндегі біраз былықтардың беті ашылды.
Мәселен, мұғалімдер ешқандай байқаусыз, соттылығы бола тұра және медициналық мекемелердің есебінде тұрса да, жұмысқа алынған. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Сонымен қатар педагогтардың жалған дипломмен қызметке алынғандығы да анықталған.
Ал кейбір мектептерде бейнекамералар мүлдем жұмыс істемей, салдарынан информатика сабағында оқушыларға құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. Құзырлы мекемелердің тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі тіркелген.