Білім саласында кадрлық резерв құрылады

Десе де мұғалім болуға ынталы жас көп.

Биыл алтын белгі иеленген 1500 түлек педагог мамандығын таңдаған. Дегенмен ел мектептеріне әлі де 5 мыңға жуық маман тапшы. Биыл мыңнан астам мұғалім арнайы курстарға қатысып, шеберліктерін шыңдаған. Білім берудің заманауи тәсілдеріне бейімделіп, жаңашылдығымен көзге түскен ұстаздар «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсында марапатталды.

Айта кетелік, биылдан бастап білім саласында кадрлық резерв жасақталды. Оған 5000 мыңнан астам үміткер қатысып, тек 208 мұғалім ғана іріктеуден өте алған. Кадрлық резервке енген педагогтер голландиялық әдістеме бойынша 3 сатылы дайындақтан өтіп, кейін басшылық лауазымға тағайындалады.

Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы:

- Соңғы кезеңнен өткеннен кейін бұлар министрдің бұйрығымен кадрлық резервке тағайындалады. Тағайындалған мектеп директорларының орынбасарларына ең жоғарғы категория беріледі. Сосын кез келген ҚР-дағы мектепке конкурссыз ретпен тағайындала алады. Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша, «1000 көшбасы» бағдарламасы бойынша іске асып жатыр.