Алматыдағы зерттеу институтында рентгенге түсіру жылдамдығы артты
Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жаңа технологиямен толықты.
Мұнда заманауи кардиопакеті және 3D-визуализациясы бар премиум-класты компьютерлік томография іске қосылды. Ол кескінді айқын көрсетеді. Бұл диагнозды дәл қойып, жылдам емдеуге мүмкіндік береді. Оған қоса ішкі ағзаларды және жүректі тексеруге арналған ультрадыбыстық диагностикалық жүйе де орнатылды. Аппарат жүрек камераларының анатомиялық бүлінуін, қарыншалар мен жүрекшелерді тексереді. Пациенттерден алынған сынамаларды да сараптау дәлдігі мен жылдамдығы артты. Институт зертханасында 3 технология шоғырландырылған. Жаңа жүйе жұқпалы аурулар, онкология және кардиологиялық зерттеу жүргізуге көмектеседі.
Марат Пашимов, "Кардиология және ішкі аурулар" ҒЗИ Басқарма төрағасы:
- Ішкі аурулар және қосымша кардиологиялық патологиямен науқастар жатады. Соларға жаңа диагноз қою үшін ол кардиопакет пен ішкі аурулардың бүкіл органдар тексеру жаңа, заманауи тағы айтайын әлемдегі заманауи, соңғы аппаратты осы жерге қойып жатырмыз. Мына жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ем ол біздің халыққа қолжетімді болу керек.
Тахир Омаров, қала тұрғыны:
- Осы жерде соңғы модификация аппарат шыққаннан кейін осы жерге келдік, көрдік көзімізбен. Бір жарым минуттың ішінде бізді шығарып тастады түсіріп.