Астанада 2029 жылға дейін 15 оқушылар сарайы салынады

Астана қаласының әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бас жоспар бекітілді.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.

Негізгі жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған.

2029 жылға дейін 15 заманауи оқушылар сарайы да салынады.

Сондай-ақ ЖылуЭлектрОрталықтар мен сорғы стансаларды кеңейту жоспарда бар.

2025 жылға дейінгі бас жоспарды іске асыруға барлық қаржы көздерінен 6,3 трлн теңге инвестиция тартылады. Оның 4,3 трлн теңгесі тұрғын үй құрылысына, 700 млрд теңгесі инфрақұрылымдық жобаларға негізделеді.