Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы ауысты

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы ауысты

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.