Білім беру саласындағы жасанды интеллект
Мәліметтерді жылдам өңдеу, ақпараттың шынайылығын анықтап, жауаптарды тез табу.
Нейрожүйенің шексіз мүмкіндігі ұстаздарға көп көмегін тигізіп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен конференцияда айтылды. Іс-шара қазіргі білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектінің дамуына арналды. Оған еліміздің, Өзбекстан, Тәжікстан, АҚШ және басқа да мемлекеттердің оқытушылары қатысты. Мамандардың пікірінше иновацияларды енгізу арқылы жұмыс үдерісін жылдамдатуға болады. Конференцияға қатысушылар әртүрлі платформалардың тиімділігін салыстырып, тәжірибе алмасып, өздерінің жобаларын таныстырды.
Самал Ажағұлова, №189 мектеп директоры:
- Жасанды интеллект педагогтардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Көп үдерістерді автоматтандырады. Осылайша мұғалімнің шығармашылықпен айналысып, инновацияларды зерттеуіне уақыты көбейеді.
Айгүл Қасымбек, Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы:
- Кез келген тәжірибе алмасу мұғалімге бір ерекше инсайт береді. Ерекше эмоция, ерекше көзқарас береді. Жасанды интеллект мұғалімдерге өте тиімді.