Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі сынақтан өтті
Отандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрінің клиникалық сынақтарын жалғастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандардың айтуынша, тың тәсіл ауру жасушаларының қорыту процесін бұзады. 15 адамға жасалған алғашқы сынақ сәтті өтті. 2 жыл бұрын Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл тың жобаға 530 миллион теңге бөлген.
Дос Сарбасов, биотехнолог:
- 2023 жылы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, клиникалық сынақтарды бастадық. Зерттеулердің нәтижесінде біз мутантты ісік жасушаларын басу үшін тотығу стресін қолдануды шештік. Ол рак клеткаларының митохондриялары арқылы радикалдардың суицидтік өндірісіне айналады. Яғни, тотығу стресі туындаған кезде рак клеткалары өз жасушаларын өлтіретін көптеген радикалдар шығарады. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.