Digital Almaty 2024: министр кубогі үшін робототехника чемпионаты басталды

Digital Almaty 2024 форумы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кубогі

үшін Қазақстанның ең мықты 10 командасы арасында робототехникадан жабық чемпионат басталды. Аймақтардан келген қатысушылар роботтардың инженерлік құрылымдары бойынша ғана емес, шағын технологиялық ұжым ретінде қоғамға пайдалы жобалармен сынға түсті. Үздіктер төрт аталым бойынша анықталады.

Байқау басталмай-ақ қатысушылар роботтарын баптап, дайындықтарын пысықтады. Халықаралық FIRST TECH Challenge бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан чемпионаттың биылғы маусымдық тақырыбы – өнер және шоу. Яғни командалар және олардың роботтары - ойын алаңында пиксельдерді жинап, олардан мозаика құрайды. Чемпионат осы бағдарламасымен күрделі, - дейді қатысушылар.

Жанел Сәрсенбай, қатысушы:

- Алдыңғы жылғы маусымда робот конустарды алып қандай да бір таяқшаларға қою керек болған. Сол бір ғана миссия болатын. Осы жылы бірнеше миссия бар. Яғни робот пиксельдерді жинап қана қоймай, ойынның 30 секунды қалғанда робот таяқшаға іліну керек. Сонысымен осы маусым қиын болып саналады.

FIRST TECH Challenge бағдарламасы бойынша Қазақстандық оқушылар бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Бүгінгі чемпионатта олар жаңа деңгейді еңсеріп, технологиялық біліктіліктерін шыңдай түседі, - дейді ұйымдастырушылар. Қатысушылар, роботтардың инженерлік құрылымдарынан бөлек осы бағытта өзгелермен тәжірибе бөлісу жобаларын да ұсынды.

Асылбек Мырзахметов, чемпионатты ұйымдастырушы:

- Роботтар командалар екі түрлі режимде өнерлерін көрсетті. Ол автономды және басқарылатын режим деп аталады. Автономды режимде алғашқы 30 секундта толығымен өзінің жасанды интеллектін қолданып, осы картиналарды пикселдарды толығымен өздері жинады. Және басқарылатын режимде командалар аррнайы пульттармен басқарып өнерлерін көрсетті.

Чемпионаттың жүлде қоры бір миллион теңге. Жеңімпаздар Ұлыбританияда өтетін робототехникадан ашық чемпионатқа жолдама алады.

Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов