«Tech Girls» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Жоба қатысушыларына бағдарламалаудың негіздері үйретіледі, деп хабарлайды 24KZ.

Еліміздің әр түкпіріндегі 3000 ару екі ай көлемінде Techno Women және Astana Hub сарапшыларынан онлайн білім алады. Оқу барысында қатысушыларға өз IT өнімін дайындауға мүмкіндік беріледі. Тіпті елдегі айтулы IT компаниялардың жұмысымен танысуға болады. Жобаға қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады.

Әзиза Шөжеева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

- Осы бағдарлама аясында қыздар қалай мансапты жоспарлау, сұхбаттан өту және армандаған жұмысқа тұру туралы білім алады. Бұл – онлайн режимде өтетін тегін бағдарлама. 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған.