«Халық» қайырымдылық қоры білім саласына 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылдан бері білім саласына 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Мақсаты дарынды жастарға қолдау көрсетіп, сапалы білім алуларына жағдай жасау. Жоба игілігін алғаш боп көргендердің бірі Саят Талапкер. Елордадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқиды. Алғашында ақылы бөлімге түскен. Қазір аталған қордың қолдауымен грантта оқиды.

Саят Талапкер, студент:

- 2-курстан кейін маған деканаттан сен грантқа түстің деп айтты. Грантқа түскеніме өзім сенбей қалдым. Кейін толықтай қайырымдылық қорынан грант берілді. Алға қойған жоспарымның бірі қазір мен проект жасап жатырмын досыммен. Біз мобильді қосымша құрастырғалы жатырмыз. 

Сондай-ақ мектеп оқушылары да қордың көмегімен алдыңғы қатарлы халықаралық білім ошақтарында оқып жатыр. Бұл да келешек жастар үшін үлкен қолдау болып отыр. Оқушылар ағылшын тілін тереңдетіп оқиды және шетелдік ұстаздардан тәлім алады. Айта кетейік, «Халық» қайырымдылық қоры алдымен дарынды балалардың әлеуметтік жағдайын ескереді, яғни байқауда соларға басымдық беріледі. 

Әбдірахман Серікқали, оқушы:

- Мектепте бізде IB, TP деген бағдарламалар бар. Ол халықаралық программа. Осы программаның ішінде сабақты университеттің деңгейімен оқытады. Мысалы, бізде экономика, бизнес сабақтары бар.