Ақмолалық оқушы шыны қалдықтарынан шағын жылыжай жасады
Ақмолалық оқушы қалдықтардан жылыжай жасады.
Шортанды кентінен сегізінші сынып оқушысы шыны қалдықтарын жинап, жылажай салды. Жобаның басты ерекшелігі – тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отыра, экологияны жақсартып, шығынсыз үлкен жылыжай жасауға болады.
Сегізінші сынып оқушысы Айгерім Анесий жылыжайдын жобасын екі жыл бойы әзірледі. Нәтижесінде ол дәрі-дәрмек құтыларын бір-біріне жапсырып, жылыжайдың үлгісін жинады. Кейін көкөністерді өсіру бойынша сынақтарды жүргізді. Оқушының айтуынша, осында өсірілген өнім мүлдем зиянсыз.
Айгерим Анесий, оқушы:
- Бұл жылыжайды жасаған кезде бізге күн сәулесі керек. Яғни ішінде белгілі бір температура ылғалдығы болуы керек өсімдіктер өсу үшін. Ол ылғалдықты сақтау үшін автоматты су бүршігі болады ішінде. Сол температураның ылғалдығын ұстап тұрады. Біз ең бірінші бұған қызанақ ектік және де ол бір-екі күнде өсіп шығып, екі үш аптада қызанағымыз өсіп бастады.
Айгерімнің ғылыми жетекшісі Жарқынгүл Асауи осындай жобаның артықшылықтарын атап өтті. Біріншіден, барлық материал қолжетімді, сондықтан жылыжай құрылысының бағасы төмен болады. Екіншіден, жоба экологиялық тұрғыдан пайдалы. Себебі бұл жерде әйнек қалдықтары қолданылады. Алдағы уақытта оқушымен мұғалім мектеп жанында үлкен жылыжай салуға ниетті.
Жарқынгүл Асауи, мұғалім:
- Енді осы шыныларды жинап, мектептің ауласына осы жылыжайды қолданып көреміз. Оның ішіне кәдімгідей қызанағымызды, қиярымызды егіп, өнім алып, басқа жақтан сатып алмай. Асханамызға өзіміздің еккен өнімімізді қолдансақ, экономикамамызға да, қаржылай жағынан да жеңілдік болар еді. Іске асырамыз деп ойлаймыз.
Оқушының тың жобасы республикалық «Зерде» ғылыми байқауында жүлделі орынға ие болды. Дарынды балаларды қолдау орталығының мамандарының айтуынша, жыл сайын өңірде мектеп оқушылар бес жүзге жуық жоба әзірлейді. Басымдық экология, математика, робототехника салаларына беріледі.
Абай Мұқанов, "Ақмола дарыны" орталығының бөлім басшысы:
- Бұл бастауыш буын болғандықтан бұл жерде көбіне перспективалық емес, ең бірінші баланың қызығушылығына бағытталған болатын. Көбіне бұл пәндік болғандықтан пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Бастауыш буын болғандықтан өзіне деген болашақтағы тәжірибе ретінде ұйымдастырылады. Оқушылардың тәжірибе алмасуы, оның өзара бөлісу ретінде.
«Ғылыми жобалармен жұмыс істейтін жас өнертапқыштар қатары жыл сайын көбейіп келеді», дейді мамандар. Мәселен, былтыр 150-ден астам ақмолалық оқушы халықаралық және республикалық додаларда жүлделі орындарға ие болды.
Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный