Шымкенттік ғалымдар Сырдарияны зерттеп жатыр

Сынама алып, химиялық талдау жасады.

Нәтижесі көңіл көншітпеді- дейді мамандар. Судан зиянды заттар табылған. Өзен суын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланғанмен тұрмыста қолданбаған жөн деп отыр. Зерттеуді жас ғалым Еркебұлан Райымбеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүргізіп жатыр. Бұл жоба Президенттің бастамасымен жасалған еді. Мақсаты жастардың өнері мен идеясын қолдау. Ал зерттеушілер өзенді қорғау бойынша нақты ұсыныс әзірлемек.

Еркебұлан Райымбеков, М.Әуезов атындағы оқу ғылыми -зерттеу зертханасының меңгерушісі:

- Сақ тайпаларынан белгілі өзен болғандықтан бұның тарихи маңызы біздің еліміз үшін өте өзекті және қазіргі кезде өзеннің ластануын оның антропогендік климаттық әсерлердің кесірінен күннен-күнге, жылдан-жылға көлемінің азаюы бұл біз үшін өте үлкен мәселе.