Талдықорғандық оқушы брайль әрпін үйрететін құрылғы жасады
Талдықорғандық оқушы брайль әріптерін үйрететін құрылғы құрастырды, деп хабарлайды 24KZ.
Жас өнертапқыштың туындысы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс істейді. Диана Хасимова есімді жасөспірім өз идеясын 2,5 айда жүзеге асырған. Ұялы телефон іспетті кұрал әріптік және цифрлық белгілерді дыбыстай алады. Арнайы батырмалармен, басқару тетігімен жабдықталған. Электр тоғымен қуаттау мүмкіндігі де қарастырылған. Автор жобаны оқу орындарында қолдану үшін жасапты. Көмекші құрылғыны «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі сынақтан өткізіп, кітаптардың аудио нұсқасын дайындайтын студия ашты.
Диана Хасимова, жоба авторы:
- Менің ойымша, ол өте ыңғайлы. Әр дыбысты тез айта алады және delay аралығы бар. Ол 3 секунд тұрады.
Қуаныш Қапанов, қоғамдық бірлестік төрағасы:
- 4 бағытымыз бар. Бірінші – аудандық кітапханаларды бейімдеу, екінші бағытымыз – мүгедек азаматтарды кітапханашыға оқыту, үшінші бағытымыз – тифлопедагогтарға оқытуға ықпал жасау. Төртінші бағытымыз – бұл аудиостудия. Мүгедектігі бар азаматтардың білімін арттыру, оларды аудио форматта оқыту.