Елімізде Жоғары ғылыми ұйым құрылады
Осындай заң жобасы сәуір айында Парламентте бекітілуі тиіс.
Сонымен қатар бұрын Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында болған Сейсмология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Оның материалдық базасын жасақтауға 3,5 миллиард теңге қаралып отыр. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысында министр Саясат Нұрбек айтты.
Алқалы жиында тілді цифрландыру, жасанды интеллект дәуірінде тілді жүйеге келтіру, ауқымды тілдік модельдерді қалыптастыру мәселелері қозғалды. Былтырғы құрылтайда ұсынылған дене шынықтыру ұстаздарын оқыту мәселесі биыл шешімін тапты. Осыған орай педагогтарға, оның ішінде дене шынықтыру және дефектология, инклюзия саласындағы мұғалімдерге мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды.
Бүгінгі Ұлттық құрылтайда студенттер мен жасөспірімдер спорты төңірегінде бірқатар ұсыныс-пікір айтылды. Балалар кітапханасын бір жүйеге келтіру мәселесі де көтерілді. Қазір елімізде балаларға арналған 130 миллионға жуық кітап қоры болса, соның қазақ тілінде жарық көргені жартысына жетпейді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Құрылтай мүшелері ең көп сынға алғаны, қазіргі таңда, шын мәнінде, басымдылық бағыттарымызды айқындайтын механизм әлсіз. 92 басымдылық бағытпен жұмыс істеп келе жаттық біз. Былтыр маңызды шешім қабылданды. 6 негізгі басымдылық бағытқа қысқарттық. Шашылмай, нақты. Ауылшаруашылық, қоршаған ортаны қорғау, кен байыту, энергетика, баламалы энергетика. Нақты 6 бағытпен жұмыс істейтін боламыз. Биылғы Жоғары ғылым және технологиялық комиссиясының отырысында осы жаңа механизм ұсынылатын болады.