Үкімет басшысы ғылыми жұмыстармен танысты

primeminister.kz

Ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейтіп, өз әзірлемелерін коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестікті нығайтуы қажет.

Мұның барлығы ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға ықпал етеді. Үкімет басшысы Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысында осылай деп мәлімдеді. Жиын барысында Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Олжас Бектенов зияткерлік мектептердің әлеуетін өңірлердегі білім ошақтарын қолдау үшін барынша пайдалану қажеттігін айтты. Балаларға сапалы білім беру үшін жан-жақты қолдау болады, – деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ Премьер-министр білім ордасының зертханалары мен ғалымдардың жұмыстарын көрді. Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтымен танысты.

Ербол Абсалямов, Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты директорының орынбасары:

- Біздің соңғы жобамыз Umai деп аталады. Ол – фотореалистік аватар. Кез келген адам қазақ тілінде сол аватармен әртүрлі тақырыпта сөйлесе алады. Оның архитектурасы 4 модельден тұрады. Үшеуі біздікі. Төртіншісі әрі ең бастысы – ChatGPT. Сол ChatGPT қазір ағылшынша болғандықтан, оны қазақшаландыру үшін өзіміз, Үкімет, министрлік, барлығымыз үлес қосып жатырмыз. Келешекте өзіміздің қазақ ChatGPT-ін істеу үшін.

Дос Сарбасов, National Laboratory Astanа директоры:

- Қазақстанда ғылым қарқынды дамып келеді. Мысалы, қазір біз қатерлі ісікке қарсы препаратты жасаумен айналысып жатырмыз. Сол препараттың бірінші және екінші фазаларын зерттеуді аяқтадық. Жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біз клиникалық сынақтарды жүргізуді әрі қарай жалғастырамыз.