Жас ғалымдар елордада бас қосты
Ел ғалымдарының 36%-і – жастар. Олар елордада өткен жас ғалымдар саммитінде бас қосты, деп хабарлайды 24KZ.
Елімізде 35 жасқа дейінгі дарынды жасқа жыл сайын 24 АЕК мөлшерінде 50 мемлекеттік стипендия тағайындалады. Жүйелі қолдаудың арқасында соңғы екі жылда мыңнан астам жас ғалым қатарға қосылды. Олардың әлеуметтік жағдайы да оңалып келеді. Жалақылары өсті, жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік жасалды. Президенттің бастамасымен жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді.
Ренат Елшібек, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басқарма басшысы:
- Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар жүргізіліп жатыр жас ғалымдарға. Ең бірінші «Жас ғалым» конкурсы жайлы айтып өтуге болады. Ол бітірген докторанттарды үлкен ғылымға кіру оңай емес қой, мақалалар жариялау керек. Ол мақаланы жариялау үшін көмек ретінде, яғни жалақысы 500 мың болатын гранттар бөлеміз. Оның жыл сайынғы саны қазіргі уақытта өсіп жатыр. Келесі шарамыз – үлкен ғылыми топпен 5-7 адамды құрайтын жас ғалымдар конкурсы. Қазіргі уақытта 9 млрд көлемінде ақша бөлінеді соған. Қазіргі уақытта конкурс жүріп жатыр.