Апатты аймақтардағы оқушылар емтихан тапсырмайды
Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайға байланысты 53 мектептің 33 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Оның ішінде Петропавл қаласының 36 мектебі мен Қызылжар ауданының 13 мектебі және 4 облыстық мектептің оқушылары онлайн форматқа ауысқан. Бұдан бөлек, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының 28 мектебі оқушылардың білім сапасын тексеруден босатылды.
Мереке Амангелдіқызы, Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. 6 өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды.