Жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беріледі
Елде жетекші ғалымдар енді ғылыми жұмыстарын аяқтау үшін бір жылға дейін шығармашылық демалыс ала алады.
Бұл аралықта орташа жалақысы сақталады. Бүгін сенат осындай өзгерісті қамтыған заң жобасын мақұлдады. Құжат негізінде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын мамандардың ғылыми атағына қарай төленетін қосымша ақысы ұлғаяды. Сонымен қатар әскери борышын өтеген жастарға оқу орындарына түсудегі жеңілдіктер қарастырылып отыр.