Суперкомпьютерді өзіміз жасаймыз
Жылдамдығы жоғары суперкомпьютерді өзіміз жасаймыз.
Қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Мұның күнделікті біз қолданып жүрген компьютерден айырмашылығы қандай? Суперкомпьютер дегеніміздің өзі не?
Әдетте біз қолданып жүрген компьютерлерге қарағанда миллиондаған есе жоғары жылдамдықта есептеу қабілетіне ие есептеуіш машинаны суперкомпьютер дейміз. Ол жай компьютер 200 жыл шығаратын есепті 1 жылда орындай алады.
Мейіржан Әуелханұлы, жасанды интеллект сарапшысы:
- Ауа райының алдын-ала ескерту жүйелерін жасағанда, табиғи апаттарды болжаған кезде мысалы қазір еліміздің көптеген өңірлерінде су тасқыны апаты болып жатыр. Осындай бір табиғи әрі есептеу қуаттылығы жағынан өте үлкен ресустарды қажет ететін жағдайларда суперкомпьютерлерді пайдаланамыз.
Алдағы уақытта елде суперкомпьютерлер шығарыла бастайды. Қазір құрылыс жұмыстары үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қазақ тілін жасанды интеллект тіліне айналдыру үшін ұлттық тіл модельі жасалатын болады.
Наурызбек Бижанов, Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы:
- Қазіргі уақытта суперкомпьютер арқылы Каз ллм жасанды интеллектісі құрастырылады. Қаз ллм арқылы ол бізде тек қана қазақ тілінде ақпараттар береді. Ол ақпараттар бізде ашық деректерден қабылданады. Осы арқылы суперкомпьютер қазақ тілінде ақпаратты береді.
Әлем бойынша жылына екі рет 50 үздік суперкомпьютері бар мемлекеттердің тізімі жарияланады. Бұл тізімге Қазақстан 2017 жылы қосылған. Ол суперкомпьютер Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орналасқан. Мұндағы мамандар осы құрылғы арқылы бірнеше жобаны іске асырды. Алдағы жобаның бірі тоғызқұмалақ ойынын жасанды интеллект арқылы ойнауға мүмкіндік беру.
Қуаныш Слямхан, Сәтбаев Университеті екінші дәрежелі бағдарламалаушы:
- Мысалға былай қарасаңыз шахматта да, гоу ойындарында да адамдармен ойнайтын жасанды интеллект бар және әлем чемпиондарын жеңген де жасанды интеллекттер бар. Ал тоғызқұмалақта әзірге ондай жоқ. Біздің мақсатымыздың бірі сол жасанды интеллектіні жасап шығару.
Суперкомпьютерлік технологияларды енгізу елдегі ІТ саласын жаңа деңгейге көтергенімен, бұл саладағы арнайы мамандар болмаса жүзеге асуы қиын. Министрліктің мәліметі бойынша алдағы уақытта осы салаға маманданған арнайы мамандар оқу-тәжірибеден өтетін болады. Сонымен қатар ұлттық бағдарламалар мен оқыту әдістері әзірленеді.
Зарина Кәп, Ғалымжан Әбділахат