Елордада робототехникадан халықаралық чемпионат басталды
Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан біріншілік бастапқыда қалалық, кейін республикалық дәрежеде өтсе биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтіп жатыр.
Бүгінгі сайыста Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен еліміздің барлық аймағынан іріктеліп келген 235 бала бақ сынайды. 9 бен 17 жас аралығындағы өрендер сынға түседі. Айта кетейік 2023 жылдың қарашасында Панамада өткен әлемдік байқауда ел құрамасы Малайзия құрамасын артқа тастап, тұғырдың екінші сатысынан көрінген болатын.
Санжар Шалқарбеков, ұйымдастырушы:
- 1400 бала 7 санаттың ішінде жарысып, әрбір 6-бала халықаралық жарысқа жолдама алып жатыр. Келесі жылы 3 мемлекет емес оданда көп мемлекеттерді шақырамыз деген ойымыз бар. Өйткені робототехника саласы бұл адамзатқа маңызды сала ары қарай дамыту үшін оқушыларды жастайынан дайындау керек. Сондықтан біз осы іс шараларды ары қарай өткізе береміз.