Маңғыстаулық түлектерге 2 мың мақсатты білім гранты бөлінді
Биыл Маңғыстауда мектеп-колледж бітіретін түлектерге мемлекеттен 2 мың мақсатты білім гранты бөлінді.
Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан дәстүрлі көрмеде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі айтты. Болашақ студенттер еліміздің жоғары оқу орындары жайлы жан-жақты ақпаратпен танысып, көкейтесті сұрақтарға жауап алды. Көрмеге қазақстандық 43 университеттің қызметкерлері арнайы келді. Айта кетсек, батыс өңірлерге мақсатты білім гранттарын бөлу соңғы үш жылдан бері жалғасып келеді. Мәселен, 2023 жылы 3,5 мыңнан астам маңғыстаулық түлек жоғары оқу орнында тегін оқуға мүмкіндік алды. Мамандардың айтуынша, былтыр өңірге бөлінген мақсатты білім гранттары толық игерілген.
Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:
- Көрмеге қатысушылар саны өте көп. Бұл бізді қуантады. Жалпы бүгінгі таңда елімізде жастарға сапалы білім беру басты назарда. Сондықтан бұл жерде де білім саласында интеграциялау болуы керек. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша да университеттер арасында студенттер алмасу жақсы жүргізіледі. Ертең Жаңаөзен қаласына барады барлық университеттен.
Ерғали Абзал, оқушы:
- Маңғыстаудың өзінен жалпы екі мыңдай оқушы бар. Сол, бұйырса, барлығы грантқа ілігетін шығар. Бұл деген – үлкен мүмкіндік. Өзім жалпы әскери оқуға түскім келеді. Алматыда, Петропавловск, Қостанайда Ұлттық ұлан бар.