Жетісулық түлектердің 80% ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр

Жетісу облысы бойынша биыл жеті мыңға жуық түлек мектеп бітіреді. 

Олардың 80 проценті ҰБТ сынағын тапсыруға ниет білдірген. Үміткерлердің өтініші мамырдың 6-сы мен 14-і аралығында қабылданды. Олар қазір Талдықорған және Жаркент қаласындағы орталықтарда тест тапсырып жатыр. Науқан 5 шілдеге дейін жалғасады. Бұдан кейін түлектерге тағы бір мүмкіндік беріледі. Қол жеткізген ең жоғарғы балы негізге алынып, мемлекеттік грант байқауына қатысады. Білім деңгейін анықтайтын сынақтың алғашқы күнінде Талдықорғанға 40 оқушы тест тапсырды.

Зере Қуатқызы, оқушы:

- Тест жоғары деңгейде өтті. Яғни қиын болды. бірақ дайындалған адам алып шығады. ҰБТ-дан 125 бал алдым. Өте қуаныштымын.

Гүлмира Тойғанбекқызы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 319 бала Алтын белгіге бітіреді. 255 бала мемлекеттік мектептен 66 бала жекеменшік мектептерден үміткер атанды. Енді міне ҰБТ бесінші шілдеге дейін созылады.