Соңғы қоңырауды полиция қадағалайды
Биылғы оқу жылының аяқталуына орай елдің барлық мектептерінде 25 мамыр күні өтетін салтанатты шаралардың қауіпсіздігі бақылауға алынады.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды. Себебі, кейінгі жылдары мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін тәртіптсіздіктер болған еді.
Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
- Кейінгі жылдары салтанатты шара аяқталғаннан кейін оқушылар рұқсатсыз жалғастырып, салдарынан небір қайғылы оқиғалар орын алды. Әсіресе 18 жасқа толмаған оқушылар көлік тізгіндеп, соңында көлік апаты орын алды.
Оқушылар ата-ананың қарауынсыз рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен фактілерде бар. Осындай жағдай орын алмас үшін бақылауды қатаңдатамыз.